Степногорскта сирек жер металдары карбонатын өндіретін зауыт жаңартылады

/
Степногорскта сирек жер металдары карбонатын өндіретін зауыт жаңартылады
Ortcom.kz

Степногорск қаласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту және сирек жер металдарын өңдеу мен бөлуге арналған жаңа зауыт салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, инвестиция көлемі – 150 млн АҚШ доллар. Жоба 2026–2028 жылдарға жоспарланған. Ол қолданыстағы өндірістік қуаттарды реконструкциялауды және сирек жер металдары карбонатын өндіретін жаңа өндірісті іске қосуды көздейді. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары басталды

Шамамен 50 млн доллар қолданыстағы кәсіпорынды жаңғыртуға, тағы 100 млн доллар жаңа цехтың құрылысына бағытталады. Мұнда электромобильдерге арналған аккумуляторлар мен компьютерлік чиптер өндірісін қоса алғанда, жартылай өткізгіштер өнеркәсібінде қолданылатын тұрақты магниттер өндіруге қажетті аралас сирек жер металдары карбонатын шығару жоспарланған.

Жаңа өндірістің жобалық қуаты жылына 12,5 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте өнім шығарудың жоспарлы көлемі жылына 8 мың тоннаға жетеді.

Жобаны іске асыру 228 жұмыс орнын сақтауға және жаңа өндірістік қуаттар жобалық деңгейге шыққаннан кейін қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары