Жамбыл облысында тұрған 88 шетел азаматы елден шығарылды

/
Жамбыл облысында тұрған 88 шетел азаматы елден шығарылды
Polisia.kz

Жамбыл облысында көші-қон заңының талабын бұзған 88 шетел азаматы Қазақстаннан 5 жыл мерзімге әкімшілік жолмен шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сонымен қатар жедел іс-шара кезінде халықаралық іздеуде жүрген 5 шетел азаматы анықталды.

Шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзуына жол берген 57 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы қолданылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары