Семей орманында 30-дан астам заң бұзушылық анықталды

/
Семей орманында 30-дан астам заң бұзушылық анықталды
istockphoto.com

Бородулиха ауданының прокуратурасы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман қорын қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде ағаштарды заңсыз кесудің 6 фактісі анықталды. Оның 3 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталса, қалған 3 факті бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

Сонымен қатар, 20 орамда орман дайындау жұмыстары тоқтатылып, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып техниканы пайдаланудың 5 фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде ұшқын сөндіргішсіз техниканы пайдалану фактілері де бар.

Бұдан бөлек, 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың қатарында тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінсіз көлік құралдарын басқару, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз техниканы пайдалану, сондай-ақ көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқару фактілері бар.

Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Заңдылықты қамтамасыз ету және орман қорын сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар