Үш қазақстандық дзюдошы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалдық кезеңіне өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Үш отандасымыз да қола медаль үшін күреседі.
Екатерина Токарева 78 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде Қытайлық Тайбэй өкілі Шу Хуэй Хсу Ванды жеңді.
Аида Тойшыбекова 78 келіден жоғары салмақта Қытайлық Тайбэй спортшысы Фан Линь Чжаннан басым түсті.
Сондай-ақ 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамуров қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.