Жазғы Азиада – 2026: Балуан Зейнеп Баянова жартылай финалға шықты

/
Жазғы Азиада – 2026: Балуан Зейнеп Баянова жартылай финалға шықты
olympic.kz

Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ширек финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Миран Чхонмен белдесіп, 7:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол финалға шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан атынан 76 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Эльмира Сыздықова мен 125 келіге дейінгі салмақта белдесетін Едіге Қасымбек те Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары