Қазақстан құрамасының балуандары Едіге Қасымбек пен Эльмира Сыздықова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
125 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Едіге Қасымбек ширек финалда Өзбекстан өкілі Хасанбой Рахимовтан басым түсті.
Ал 76 келіге дейінгі салмақта белдескен Эльмира Сыздықова ширек финалда Моңғолия балуаны Даваанасан Энх-Амарды жеңді.