Қытайдан көшпелі халыққа тән 18 қорым табылды

Қытайдан көшпелі халыққа тән 18 қорым табылды

Қытайдан көшпелі халыққа тән 18 қорым табылды
ашық дереккөзі
394
Қытай орталығында ғұндардың 18 қорымы табылды ​Ғалымдар Қытайдың орталық Хэнань провинциясы аумағында ғұндардың 18 көне қорымын тапты, деп хабарлайды tass.ru. «Қорымдардың барлығы кірпіштен қаланған, олар Ұлы Қытай жазығының классикалық қорымдарына жатпайды. Болжам бойынша, бұл бейіттер Шығыс Хань династиясы кезеңінің соңында, яғни 1,8 мың жыл бұрын жерленген», – деп мәлімдеді Қытай қоғамдық ғылым академиясының қызметкері Шэнь Вэньси. Оның айтуынша, қорымдар жақсы сақталған. Археологтар бейіттердің барлығында көне артефактілер тапқан. Олардың арасында қола қазандар көп кездеседі. «Қола қазандардың бүйірінде екі тесігі бар. Сол арқылы оны оттың үстіне іліп қоятын болған. Мұндай тәсіл көшпелі халықтарға тән, – деп толықтырды Шэнь Вэньси. – Біздің пайымдауымызша, бұл артефактілер ғұндарға тиесілі». Қорымдарда қазандардан бөлек, моншақтар, алтын сырғалар, қанжарлар және ғұндардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қолданған өзге де заттары табылған. Мамандар бұл қорымдардың ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Себебі, мұндай қорымдардың басым көпшілігін тонаушылар ақтарып кетеді. Ал аталған бейіттерге ешқандай зақым келтірілмеген. Бұл ғалымдарға көне дәуірге қатысты жаңа маңызды фактілерді анықтауға мүмкіндік береді. Қорымдар қараша айында толық қазылып бітеді деп күтілуде. Содан соң археологтар жан-жақты жүйелі зерттеулерін бастайды.  

Серіктес жаңалықтары