Жазғы Азиада-2026: Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан күміс жүлде иеленді

/
Жазғы Азиада-2026: Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан күміс жүлде иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алғашқы жүлде жиынтықтары сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

69 келідегі Нұржан Батырбеков финалда БАӘ спортшысы Ахмед Андизбен белдесіп, 0:2 есебімен жол берді.

Айта кетейік, Нұржан Батырбеков 2023 жылғы Азиада чемпионы саналады.

Одан бөлек, 62 келідегі Батырбек Абдулла қола жүлде үшін таласта Сауд Арабиясының өкілі Абдумалик Мохаммед Әл Мурзимен жолығып, шабуылдағы белсенділігіне байланысты жеңіс қарсыласқа берілді. Нәтижесінде отандасымыз жарысты 5-орынмен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары