Моңғолия қазағы Жазғы Азиада чемпионы атанды

/
Моңғолия қазағы Жазғы Азиада чемпионы атанды

Моңғолия құрамасы сапында өнер көрсететін Ёлка Кәдірбекұлы 2026 жылғы Азия ойындарында дзюдодан алтын медаль жеңіп алды. Tizgin.kz оны этникалық қазақ спортшысы деп таныстырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

26 жастағы балуан Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бұл салмақта барлығы 20 дзюдошы белдескен.

Кәдірбекұлы алғашқы айналымнан бос болды. Одан кейін ол Ауғанстан өкілі Хикматуллах Рахманиді жеңіп, келесі кезеңде Тәжікстанның Нурали Эмомалиінен басым түсті.

Жартылай финалда Моңғолия атынан сынға түскен спортшы Қазақстан құрамасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаевпен кездесті. Бұл белдесуде Кәдірбекұлы «ваза-ари» бағасымен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде ол Өзбекстан өкілі Абдурахим Нутфиллоевты жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл алтын Моңғолия құрамасының Аичи-Нагоядағы осы Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын жүлдесі болды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары