Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарын сәтті бастады.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.
Елдос алғашқы белдесуінде Харим Лимен (Оңтүстік Корея) кездесті. Нәтижесінде қазақстандық балуан иппонмен жеңіске жетті.
Сметовтың ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.