Жазғы Азиада-2026: Арайлым Шегенова кураштан жартылай финалға шықты

/
Жазғы Азиада-2026: Арайлым Шегенова кураштан жартылай финалға шықты
ҰОК

Қазақстандық балуан Арайлым Шегенова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына өтті.

Бұрымды балуанымыз 87 келіден жоғары салмақтың ширек финалында оңтүстіккореялық Пак Чонвонды 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Сондай-ақ ерлер арасындағы 66 келіге дейінгі салмақта Болат Біләл Қытайлық Тайбэй өкілі Чан Хао-чэнмен кездесіп, қарсыласынан 10:0 есебімен басым түсті. Осылайша ол ширек финалға өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары