Алматыда қуаты 3-4 баллдық жер сілкінісі тіркелді

/
Алматыда қуаты 3-4 баллдық жер сілкінісі тіркелді
istockphoto.com

Алматыда жер сілкінісі 28 қыркүйек күні сағат 09:38:07-де болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығы қазір сейсмология мамандары тарапынан анықталып жатыр.

Есептік қарқындылығы Алматы қаласында 3-4 баллды, Қарасай (Қаскелең) ауданында 2-3 баллды, Боралдай ауылында 2-3 баллды, Өтеген батыр ауылында 2 баллды көрсетті.

ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары мен гидротехникалық құрылыстарды, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексерді. Бұдан бөлек, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралау жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде нысандардан зақымдану анықталған жоқ. Олар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Министрліктің хабарлауынша, қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты, тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді.

ТЖМ тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары