Тараз – Шымкент тасжолында қозғалыс шектелді

/
Тараз – Шымкент тасжолында қозғалыс шектелді
istockphoto.com

Республикалық маңызы бар Тараз – Шымкент автожолының 546–557 шақырымдағы «Ескі Күйік асуында» көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәлімдеді.

Шектеу 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында қойылады. Бұл учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осы кезеңде Тараздан Қаратау бағытына қатынайтын көліктер облыстық маңызы бар «Тараз – Аса – Ақкөл – Саудакент» және «Аса – Қарабастау» автожолдары арқылы өтеді.

Шымкенттен Тараз бағытына қарай жүретін ауыр жүк көліктері үшін қозғалыс «Жаңа Күйік асуы» арқылы ұйымдастырылады.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден уақытша шектеулерді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауды, жол белгілерінің талаптары мен Жол жүрісі қағидаларын сақтауды сұрайды.

Республикалық автожолдардың жай-күйі мен қолданыстағы қозғалыс шектеулері туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары