200
Ресей Қырғызстанның 240 миллион доллар қарызын кешірді
Ресей Қырғызстанның 240 миллион доллар қарызын кешірді
Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев Қырғызстанның 240 миллион доллар көлеміндегі несие қарызын кешіретіні жайлы қаулығы қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"2017 жылдың 30 наурызындағы жағдайға сәйкес, қырғызстандықтар ресейлік тарапқа 240 миллион доллар қарыз... осы хаттама күшіне енгеннен бастап қырғызстандық тараптың несие қарызын өшіруге болады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бұл қаулының Ресей Федерациясының Қырғызстанның дамуына ресми түрде көмек көрсету аясында қабылданғаны айтылады.
Еске сала кетейік, Мәскеу мен Бішкек 2012 жылы жалпы көлемі 500 миллион доллар көлеміндегі қарызды реттеу туралы үкіметаралық келісімге қол қойған болатын.