«Қарсы болмаймын»: Ақылбек Жеменей әнін рұқсатсыз айтатындарға ренішін білдірді

/
«Қарсы болмаймын»: Ақылбек Жеменей әнін рұқсатсыз айтатындарға ренішін білдірді

Әнші Ақылбек Жеменей КешREC бағдарламасында берген сұхбатында «Алға, қазақ жігіттері» әнін рұқсатсыз орындайтындар көбейгенін айтып, ренішін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі туындының тарихына тоқталып, әнді айтқысы келетіндер алдын ала хабарласса, қарсылық білдірмейтінін жеткізді.

«Рұқсатсыз айтатындар көбейіп кетті. «Алға, қазақ жігіттері» әнінің тарихын айтайын. Менің бұрынғы продюсерім Нұрбек есімді бауырымызбен бірге марқұм Ержан Серікбаевтың Шымкенттегі үйіне барып, 12 шекті гитарасымен өзі тартып берген нұсқасын тыңдап, әнді сатып алған болатынбыз. Ержан ағамыздың сұхбаттарында «менің ең қымбат сатқан өлеңім. Ақылбек Жеменей өнерімді жоғары бағалады» деп айтқанын естуге болады. Жасыратыны жоқ, аталған өлеңді 1 000 долларға сатып алдық. Сол кезде ол қомақты ақша болды.

Қазір бәрі рұқсатсыз орындап жүр. Айтқысы келетіндер бір ауыз сөз айтып, қоңырау шалып, «бола ма?» десе, қарсы болмаймыз. Барлығы қаракөз бауырларымыз болғандықтан, қызғанбаймын. Хат жазып немесе қоңырау шалса, қарсылық білдірмеймін», – деді әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар