Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

/
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
Ақорда

Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары