Алматыда тауда жарақат алған турист құтқарылды

/
Алматыда тауда жарақат алған турист құтқарылды
Видеодан скриншот

Алматыда құтқарушылар тауда қалып қойған 54 жастағы туристке көмекке келді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының Медеу ауданында, 3053 метр биіктіктегі «Энтузиасттар» алаңқайында құтқарушылар «Барыс» құтқару қызметімен бірлесіп, таудан түсу кезінде аяғын қайырып алған 1972 жылы туған әйелге көмек көрсетті.

Құтқарушылар әйелді қауіпсіз жерге түсіріп, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.

Министрлік тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайын және күннің бату уақытын және туристік соқпақтарға шықпай, әр адам өз күшін дұрыс бағалауды ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары