Жазғы Азиада-2026: Ксения Игнатова жүзуден екінші финалына жолдама алды

/
Жазғы Азиада-2026: Ксения Игнатова жүзуден екінші финалына жолдама алды
ҰОК

Жүзуден Қазақстан құрамасының өкілі Ксения Игнатова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші финалына өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 200 метрге кешенді жүзу сайысында бақ сынады.

Ксения іріктеу кезеңінің нәтижесінде 2:14.94 уақыт көрсеткішімен жалпы есепте бесінші орын алып, финалға өтті.

Айта кетейік, ол бұған дейін 50 метрге шалқалай жүзуден ақтық сынға өткен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары