ШҚО-да жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жазаланды (ВИДЕО)

/
ШҚО-да жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жазаланды (ВИДЕО)
Polisia.kz

Әлеуметтік желіде жолаушылардың көлік терезелерінен басын шығарып тұрған бейнежазбасы тарады. Қауіпті кадрлар полиция қызметкерлерінің назарына ілікті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған әрекет жол қозғалысы ережелерін бұзып қана қоймай, жолаушылардың өздері мен жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

ШҚО ПД қызметкерлері бейнежазбадағы азаматтарды анықтап, тиісті шаралар қабылдады. Жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау, оның ішінде оларды көлік салонынан тыс тасымалдау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жолаушылар да жүріп келе жатқан көліктен денелерін шығарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар