Астанадағы пәтерлердің бірінен 53 жастағы әйел мен оның 55 жастағы күйеуінің денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz АқЖайыққа сілтеме жасап.
Полицияның алдын ала мәліметінше, қайғылы оқиға ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде болған.
Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам әйеліне пышақ жарақатын салғаннан кейін өзіне де жарақат келтірген. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер жанжалдың себептері мен оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.