Қосшыда дүкен сатушысын боқтаған ер адам 15 күнге қамалды (ВИДЕО)

/
Қосшыда дүкен сатушысын боқтаған ер адам 15 күнге қамалды (ВИДЕО)
Polisia.kz

12 қыркүйек күні Косшы қаласының полициясына сауда үйінде мас күйінде жүрген және өзін әдепсіз ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Оның БҚО Сырым ауданының 34 жастағы тумасы Асылбек Аржаев екені анықталды.

Ол заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті бұзу заң аясында тиісті жауапкершілікке әкеп соғады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар