"Қайрат" елордалық "Жеңісті" ірі есеппен жеңіп, ҚПЛ-де көш бастады

/
"Қайрат" елордалық "Жеңісті" ірі есеппен жеңіп, ҚПЛ-де көш бастады
Арман Жақсығұлов / "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі

Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасында өз алаңында астаналық "Жеңісті" ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.

21-турдың кейінге шегерілген кездесуі Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

"Қайрат" сапынан бразилиялық шабуылшы Эдмилсон 20-минутта есеп ашты. 63-минутта испаниялық форвард Марк Гуаль екінші голды соқса, 86-минутта португалиялық қорғаушы Луиш Мата кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша, "Қайрат" ҚПЛ-дегі қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді.

Алматылық клуб "Ордабасымен" өткізген матч саны бойынша теңесіп, 57 ұпаймен турнир кестесінің бірінші орнына шықты. Шымкенттік команданың еншісінде 55 ұпай бар.

Ал "Жеңіс" қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады. Астаналық клуб 29 ұпаймен тоғызыншы орында қалды.

ҚПЛ маусымы жалпы 30 турдан тұрады. Чемпион атанған команда 2027/28 маусымындағы Чемпиондар лигасына жолдама алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары