Жамбыл облысында WhatsApp арқылы жалған хабарландыру берген үш адам сотталды

/
Жамбыл облысында WhatsApp арқылы жалған хабарландыру берген үш адам сотталды
istockphoto.com

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының құрамында күш қолданумен, қаруды қолдана отырып жасалған қарақшылық, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау және алып жүру фактілері бойынша айыпталған 3 сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соттың мәліметінше, 2025 жылғы желтоқсанда сотталушылар қарақшылық жасау мақсатында «WhatsApp» мессенджерінде ұсақ малды шұғыл сату туралы жалған хабарландыру орналастырып, мекенжайын көрсеткен. Алдын ала атыс қаруымен қаруланған олар Т.Рысқұлов ауданының аумағында келген үш сатып алушыны (жәбірленушілерді) күтіп алған.

Сотталушылар атыс қаруын қолдана отырып, 13 млн теңгені ашық иемденіп, жәбірленушілердің бірінің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілерге 13 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

Сот сотталушылар С.Н. мен М.-ге қатысты кінәні ішінара мойындауын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ал сотталушы С.-ға қатысты соттылығының болуын жазаны ауырлататын мән-жай деп таныды.

Сот үкімімен сотталушы С.-ға қылмысты ұйымдастырудағы бастамашы ретіндегі рөлін ескере отырып, 2019 жылғы сот үкімі бойынша өтелмеген жазаның қалған бөлігімен жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 12 жыл;

сотталушы С.Н.-ға түпкілікті 11 жыл;

сотталушы М.-ға түпкілікті 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары