300 рет жол ережесін бұзған 25 жастағы жігіт қамауға алынды

/
300 рет жол ережесін бұзған 25 жастағы жігіт қамауға алынды
istockphoto.com

Астана қаласының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде және өрескел бұзатын жүргізушілерге қатысты принципті ұстанымды қолдануда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мониторинг барысында «Hyundai Palisade» автокөлігінің жүргізушісі анықталып, ол тек биылғы жылдың өзінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын 306 рет елемеген. 

Оның 169 құқық бұзушылығы белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырумен байланысты болса, 134 жағдайда ол автобус жолағымен жүрген. 

Ағымдағы жылдың 3 мамырында бейнебақылау камералары оның «Ұлы Дала» даңғылымен сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген. 

Құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі мен жүйелі сипатын ескере отырып, сот оның әрекеттерін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады. 

Аталған тәжірибе прокуратура мен полиция органдарының үйлестірілген жұмысы шеңберінде сот тәртібімен жүзеге асырылуда. Бұл жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуге және жолдардағы аса қауіпті әрекеттердің жолын кесуге мүмкіндік береді. 

Елорда прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және жолдағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік екенін есте ұстауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары