Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты азаматша Б.-ның төрт жауапкерге қатысты негізсіз баю сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылғы желтоқсан айында талап қоюшы интернет-алаяқтықтың кең таралған схемасының құрбаны болған. Жұмыс орнында болған кезінде әйелге өзін коммуналдық қызметтің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалған. Домофонды ауыстыру сылтауымен одан SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуды сұраған. Кейін оған өзін ХҚКО-ның және банк қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырған басқа адамдар хабарласқан.
Алаяқтар әйелдің атына несие рәсімдеуге жол бермеу сылтауымен оны өз нұсқауларын орындауға көндірген. Нәтижесінде ол банктерден несие рәсімдеп, алтын бұйымдарын ломбардтарға өткізген.
Алаяқтардың алдау ықпалымен ол иелік еткен ақшаның жалпы сомасы 2,3 млн теңгеге жуық болған. Бұл қаражат төрт тұлғаның (жауапкерлердің) банк шоттарына – 500, 400, 365 және 981 мың теңге көлемінде аударылған.
Астана қаласының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, талап қоюшы жәбірленуші деп танылды.
Сот дәлелдемелерді, оның ішінде банк чектері мен үзінді көшірмелерді зерттеп, талап қоюды толық көлемде қанағаттандырды.
4 жауапкерден талап қоюшының пайдасына жалпы сомасы 2,3 млн теңгеден аса ақшалай қаражат, мемлекеттік бажды және өкілдің қызметіне ақы төлеу бойынша шығындар өндірілілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.