«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда экологиялық заңды бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды

/
«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда экологиялық заңды бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды
istockphoto.com

Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасымен қалдықтарды басқару саласында заң талаптарының сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының Баянды ауылы аумағында белгіленбеген орындарда тұрмыстық қалдықтардың едәуір көлемде жинақталуына жол берілген. 

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласындағы арнайыполигонында қалдықтарды жинақтау жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу салдарынан 1500 ш.м. аумақта өрт жану дерегі орын алған. 

Орын алған деректер бойынша лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 344-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық акция. Жоба қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары