"Ешқандай спарринг болған жоқ": Боксшы Сағындық Тоғамбай Азия ойындарына қатысты жазба жариялады

/
"Ешқандай спарринг болған жоқ": Боксшы Сағындық Тоғамбай Азия ойындарына қатысты жазба жариялады
boxingkazakhstan

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, 90 келіге дейін жұдырықтасатын Сағындық Тоғамбай жуырда басталатын Азия ойындарына неліктен қатыстпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ойындарға неге бармадың?» деп жатқан ағайындар, жаттықтырушылардың шешімі солай болды. Ешқандай спарринг, іріктеу болған жоқ. Барған жігіттерге сәттілік», – деді спортшы.

Айта кетейік, Бокс федерациясы 21 қыркүйекте Жапониядағы ХХ Жазғы Азия Ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Жарыс алдында боксшылар бірлескен жаттығу жиынына қатысады.

Ерлер құрамас:
55 келі. Махмұд Сабырхан
60 келі. Оразбек Асылқұлов
70 келі. Төрехан Сабырхан
80 келі. Сабыржан Аққалықов
90 келі. Нұрбек Оралбай
+90 келі. Айбек Оралбай
Бас жаттықтырушы – Нұржан Насанов

Әйелдер құрамасы:
51 келі. Алуа Балқыбекова
54 келі. Назым Қызайбай
60 келі. Виктория Графеева
65 келі. Аида Әбікеева
75 келі. Наталья Богданова
Бас жаттықтырушы – Елдос Сайдалин

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары