Қаңтар-маусым айларында өндірілген жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі, жедел деректер бойынша, 70 948 693,3 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Нақты мәнде ЖІӨ өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға өсті.
Нақты мәнде ең жоғары өсім мына салаларда байқалды: құрылыс – 15,2%, өңдеу өнеркәсібі – 9,8%, көлік және қоймалау – 7,1%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 5,7%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 4,4%.
2026 жылғы қаңтар–маусым айларында ЖІӨ-дегі тауарлар өндірісінің және қызметтер өндірісінің үлесі тиісінше 36,4% және 55,4% құрады. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп – 28,6% құрады.
ЖІӨ өсіміне ең жоғары үлесті өңдеу өнеркәсібі – 1,25 пт, көтерме және бөлшек сауда – 0,93 пт және құрылыс – 0,79 пт қосты.