Өскемен қаласында «HYUNDAI SANTA FE» мен «TOYOTA LAND CRUISER» көліктері соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жантүршігерлік оқиға өткен жексенбі, яғни 6 қыркүйек күні болды.
«Жол апаты салдарынан көлік жүргізушілерінің бірі оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.