Астанада пәтерден 3,5 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

/
Астанада пәтерден 3,5 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды
polisia.kz

Астана қаласында полиция қызметкерлері пәтерден ақша ұрлады деген күдікпен 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен бір жыл бұрын күдікті жәбірленушінің үйіне қонаққа барған кезде пәтердің кілтін білдіртпей алып кеткен. Кейін әйелдің күндіз үйде болмайтынын біліп, ұрланған кілтпен пәтерге кірген.

Үй ішінен шкафқа сақталған ақшаны тауып, шамамен 3,5 миллион теңгені иемденіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол еліміздің басқа өңірінде ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция азаматтарды үй кілттерінің сақталуына мұқият болуға және оларды бөгде адамдардың қолы жететін жерде қалдырмауға шақырады. Кілт жоғалған жағдайда құлыпты дереу ауыстырған жөн. Сондай-ақ ақша мен бағалы заттардың сақталатын орны туралы ақпаратты бөгде адамдарға айтпау ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары