Татьяна Генелева маунтинбайктан Қытайдағы жарыста күміс жүлдегер атанды

/
Татьяна Генелева маунтинбайктан Қытайдағы жарыста күміс жүлдегер атанды
Оlympic.kz

Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясының турнирі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық Татьяна Генелева әйелдер арасындағы ХСС дисциплинасында күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз қашықтықты 25:06 уақытта жүріп өтті.

Алтын медальді қытайлық Тин Ван жеңіп алды - 24:14. Тағы бір қытайлық спортшы Цзыи Чжан қола жүлдеге ие болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары