Астана – Қарағанды тасжолында көлік апатынан бір адам қаза тапты

/
Астана – Қарағанды тасжолында көлік апатынан бір адам қаза тапты
ҚазАвтоЖол

Жасанды интеллект элементтері бар камералар республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автомобиль жолының 51-шақырымында болған жол-көлік оқиғасын тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнежазбадан Астана қаласы бағытында қозғалып келе жатқан Mercedes автокөлігінің басып озу маневрін жасау кезінде «Газель» автокөлігімен бір бағытта соқтығысқанын көруге болады. Соққы салдарынан «Газель» жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жүру бөлігінен шығып кетіп, жол жиегінде аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал басып озу маневрін жасамас бұрын жолдағы жағдайды жан-жақты бағалауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар