Астанада тапсырыспен жиһаз дайындауға қатысты алаяқтық схема әшкереленді

/
Астанада тапсырыспен жиһаз дайындауға қатысты алаяқтық схема әшкереленді
istockphoto.com

Жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісіндегі жиһаз дайындау туралы жарнаманы көріп, шарт жасасқан. Өлшемдер алынғаннан кейін ол 4,5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат аударған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыдан кейін екі алаяқ онымен байланысқа шығуды тоқтатқан.

Олардың әрекеттерінен 19 азамат зардап шегіп, келтірілген залалдың жалпы сомасы 24,6 млн теңгеден асты.

Сотта мемлекеттік айыптаушы екі сотталушының кінәлілігін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.

Сот үкімімен олардың әрқайсысына 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылып, келтірілген залал сотталушылардан өндіріп алынуға жатады.

Прокуратура азаматтарды ақшалай қаражатты қолма-қол немесе жазбаша шарт жасаспай жеке банк картасына аудармауға, төлемді растайтын чек пен құжаттарды талап етуге, сондай-ақ шартта жиһаздың өлшемдері мен материалдарын, бағасын, дайындау және орнату мерзімдерін, сондай-ақ мерзімін өткізіп алғаны үшін жауаптылықты нақты көрсетуге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар