Жетісу облысында ауқымды өрт сөндірілді

/
Жетісу облысында ауқымды өрт сөндірілді
видеодан скриншот

Жетісу облысының Сарқан ауданында Борлытөбе орман шаруашылығына қарасты Құрақсу орманшылығының аумағында шыққан табиғи өрт толық сөндірілді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері, орман шаруашылығының қызметкерлері мен авиация жұмылдырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орман шаруашылығы аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Өртті жедел сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі мен орман шаруашылығынан 40-қа жуық қызметкер және 10 техника жұмылдырылды.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіруде жердегі күштермен қатар авиация да маңызды рөл атқарған. «Қазавиаорманқорғау» желісі бойынша іске қосылған «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы әуеден 19 рет су төккен. Төгілген судың жалпы көлемі 11,4 тоннаны құрады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт толық сөндірілді.

Еске салайық, өрт аумағы шамамен 15 гектарды құраған.

Бұған дейін Жетісу облысындағы «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тұтанған өрттің жер бедерінің қолжетімсіздігіне байланысты қол күшімен оқшауланғаны хабарланған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары