Бүгін – жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл

/
Бүгін – жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл

22 қазан – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған күні. Биыл қаламгердің туғанына 102 жыл толды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, майданнан оралғаннан кейін әдебиетке ден қойды.

Жазушының шығармашылығында Арал өңірінің тыныс-тіршілігі, адам тағдыры мен қоғамдағы өзгерістер кеңінен суреттелді. Оның «Қан мен тер» трилогиясы қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларының біріне айналды. Ал «Соңғы парыз» роман-дилогиясында Арал теңізінің экологиялық қасіреті мен оның адам өміріне әсері көркем бейнеленді.

Қаламгердің шығармалары көптеген шет тіліне аударылып, қазақ әдебиетін әлемге танытуға үлес қосты. Әбдіжәміл Нұрпейісов 2022 жылғы 5 ақпанда 97 жасында дүниеден өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары