Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалында, Экопарктен жоғарыда, 1998 жылы туған жас жігіт пен 2007 жылы туған қыз адасып, туристік соқпақты өздігінен таба алмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іздеу жұмыстарына ТЖМ «Республикалық жедел-құтқару жасағы «Барыс» РММ құтқарушылары дереу шықты. Іздестіру-құтқару операциясы барысында туристер шамамен 2350 метр биіктіктегі шолу алаңы маңынан табылды.
Құтқарушылар оларды Алмарасандағы аялдамаға дейін алып барды. Туристерге медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: тауға шығар алдында маршрутты алдын ала зерттеп, ауа райы жағдайын және өзіңіздің физикалық мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз. Белгіленген туристік соқпақтардан шықпаңыз.