Марқакөл орман шаруашылығында табиғи өрт сөндірілуде

/
Марқакөл орман шаруашылығында табиғи өрт сөндірілуде
Видеодан скриншот

Марқакөл орман шаруашылығында орман күзеті мен ТЖМ бөлімшелері табиғи өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіру жұмыстары жетуі қиын жерде жүргізілуде. Жұмысқа орман күзетінің күші мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері тартылды.

"Өртті сөндіруге орман күзеті мен ТЖМ-нің 85-ке жуық қызметкері, 10 техника, "Қазавиалесоохрана" қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау аясында тартылған тікұшақ та бар.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда, дейді министрліктегілер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары