Бүгін шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр

/
Бүгін шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше, елордадағы айырбастау пункттерінде доллар 453,07 теңгеден сатып алынып, 459,92 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның сатып алу бағамы – 524,79 теңге, сату бағамы – 534,79 теңге. Ресей рублі 5,00–5,27 теңге, ал Қытай юані 68,58–72,53 теңге аралығында саудалануда.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 455,37 теңгеден сатып алынып, 457,71 теңгеден сатылуда.

Қалада еуроның бағамы 528,88–533,54 теңге аралығында. Ресей рублі 5,16–5,28 теңге, ал юань 68,30–70,65 теңге аралығында айырбасталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар