Астанада "велосипедім ұрланды" деген саяхатшының оқиғасы күтпеген жерден аяқталды

/
Астанада "велосипедім ұрланды" деген саяхатшының оқиғасы күтпеген жерден аяқталды
instagram.com/burlen.adilet

Астанада танымал саяхатшы Бүрлен Әділетқызының велосипеді жоғалды деген ақпараттан кейін полиция тексеру жүргізді. Нәтижесінде ұрлық дерегі расталмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде саяхатшының велосипеді жоғалғаны туралы видео тарағаннан кейін елордалық полиция мән-жайды анықтауға кіріскен. Алайда велосипед иесінен құқық қорғау органдарына ресми арыз түспеген.

Тексеру барысында көліктің ұрланбағаны белгілі болды. Саяхатшы велосипедін құрбысының үйінде қалдырып кеткен.

"Тексеру барысында ұрлық дерегі расталмады: велосипед құрбысының үйінде қалғаны анықталды", – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Осыған байланысты полиция әлеуметтік желіде негізсіз немесе көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар