«Жағамды ұстадым»: Желі қолданушысы мектеп оқулықтарының күйін сынады (ВИДЕО)

/
«Жағамды ұстадым»: Желі қолданушысы мектеп оқулықтарының күйін сынады (ВИДЕО)
Скриншот

Жаңа оқу жылы қарсаңында 5-сыныпқа көшкен оқушыға берілген оқулықтардың жағдайы әлеуметтік желіде талқыға түсті. Қолданушы мектеп кітапханасынан берілген бірнеше кітаптың тозығы жеткенін айтып, видео жариялаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Автордың айтуынша, оқулықтардың кейбір беттері жыртылған, ашылмайды, тіпті кей парақтары бір-біріне жабыстырылған.

«Мынау өте сұмдық! Бұл – 5-сыныпқа көшкен сіңіліме берілген кітаптар. Кітапханашы қайда қарап отыр?! Мына кітапты осылай ұстаған балалардың ата-аналары қайда қарап отыр? Бір кітап жыртық болса, орнына қойдыратын еді ғой? Директордың жаңа оқу жылына дайындығы осы ма? Шыны керек жағамды ұстадым» – деп жазды қолданушы.

Оның сөзінше, ұсынылған оқулықтардың барлығы 2017 жылы басылған.

«Аралары жыртылып кеткен. Кейбір беттері ашылмайды. Бір беттің нөмірі 76 болса, келесі беті – 83. Арасындағы парақты қайдан оқиды? Бір-біріне скотч арқылы жабыстырып қойған», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар