Атыраулық полицейлер 177 мыңнан астам оқушыға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

/
Атыраулық полицейлер 177 мыңнан астам оқушыға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
polisia.kz

Білім күніне орай Атырау облысының барлық өңіріндегі мектептерде алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылын қауіпсіз бастау мақсатында облыстағы 239 білім беру ұйымында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мектептерге 600-ден астам полиция қызметкері, оның ішінде басшылық құрам өкілдері барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицейлер оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік талаптарын орындау, құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ балаларға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, қауіп төнген жағдайда кімге және қалай жүгіну керектігі түсіндірілді.

Білім күні аясындағы қауіпсіздік сабақтарымен барлығы 177 238 оқушы қамтылды. Полиция қызметкерлері балаларды сақтыққа, тәртіпке және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары