Елімізде екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды

/
Елімізде екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды
Gov.kz

Қазақстанда екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды, деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 2024-2025 жылдары 54 жаңа кен орны мемлекеттік есепке қойылды.

"Геологиялық барлау жұмыстары алтын, күміс, мыс, хром, темір және фосфорит кендері ресурстарының, сондай-ақ жер асты сулары қорларының өсуін қамтамасыз етті. Жалпы, мемлекеттік есепте пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлеріне жататын 10 мыңға жуық кен орны бар", - деп жазылған хабарламада.

Ал сирек кездесетін жер металдарының 935,4 мың тонна болжамды ресурсы анықталды.

"Әзірше зерттеулер 11 учаскеде аяқталды. Ең перспективалы учаскелердің бірі – Қарағанды облысындағы Құйректыкөл", - дейді Үкіметте.

Мұнда заманауи жоғары технологиялық өндірістерде сұранысқа ие сирек жер металдары анықталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары