301
Су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр
Су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр
Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, және Қарағанды облыстарында су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлайды.
Жедел-құтқару және шұғыл жұмыстарына 1869 адам, 454 техника, 36 су сору құрылғысы, 24 суда жүзу құрылғысы, Төтенше жағдайлар комитеті, жергілікті атқарушы орган, Ұлттық гвардия, жергілікті полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Қызылорда, Шиелі, Сырдарья, Жалаағаш, Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, инертті материал толтырылған қаптар жеткізілді.
Қазіргі таңда дамбаларды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аудандардағы тұрғындарға азық-түлік, су, мал азығы сынды көмек жеткізіліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауылы, сондай-ақ Қостанай облысының Жамбыл елді мекеніндегі тасқын суын сору жұмыстары жүргізілді. Автожолдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.