Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

/
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Ақорда

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды.

Президент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары