Құрылтайдың жаңа құрамы тарихи міндеттің үдесінен шығуға тиіс – Бауыржан Бабажанұлы

Құрылтайдың жаңа құрамы тарихи міндеттің үдесінен шығуға тиіс – Бауыржан Бабажанұлы

Құрылтайдың алғашқы отырысын тікелей эфирден қарағандардың көп болғаны анық.

Өйткені Мемлекет басшысы сол жиында айтқандай: «Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде өз жұмысына кіріседі. Бұл – мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі дәл осы күннен бастау алады деген сөз».

Президент сондай-ақ «Ел ішінде кәсіби Парламентке деген сұраныс артқанын көріп отырмыз. Құрылтайға білікті мамандардың келуі – осының айқын дәлелі» деп атап өтті. Құрылтайдың алдына нақты міндеттер қойды.

Қазір халық елімізде жасалып жатқан саяси реформалардың нәтижесін күтіп отыр. Демек, құрылтай депутаттарының иығына артылған жүктің салмағы өте ауыр. Оны депутаттар алғашқы отырыста-ақ айқын сезінгені анық.  

Құрылтай құрамы негізінен жаңарды. Айтары бар жаңа адамдар келді. Заң шығарушы орган біршама жасарды деп те айтуға болады. Арасында ел арасында беделді азаматтар бар. Мысалы, Алаш тарихын зерттеген ғалым, академик Дихан Қамзабекұлының депутат болуы Құрылтайдың салмағын арттыра түсері хақ. Ақтөбе облысында екі аудан басқарып, іскерлігімен көзге түскен Ербол Данағұлов та өңірдің ішкі мәселелерін өте жақсы білетін маман. Бұрын Мәжілісте жұмыс істеп ысылған, заң шығару ісінде тәжірибесі мол Жанарбек Әшімжан, Үнзила Шапақтардың да халық арасында сүйкімі бар. 

Демек Құрылтайдың құрамы осал емес. Олар өздерінің тарихи миссиясын адал атқарады деп ойлаймын. Соған тілектеспін. 

Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ, халықаралық «TÚRKISTAN» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары