БАӘ-де көз жұмған екі қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

/
БАӘ-де көз жұмған екі қазақстандықтың денесі елге жеткізілді
Фото: 24.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандық екі әйел көз жұмды. Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы қаза тапқан қазақстандық азаматшалар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін елімізге жеткізуді ұйымдастырғанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz. 

"Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратурасы мен басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары