Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

/
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының қазіргі бағамы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше, елордадағы айырбастау орындарында доллар 460 теңгеден сатып алынып, 467 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның сатып алу бағамы 533 теңге, сату бағамы 543 теңге болды. Ал рубль 5,20-5,40 теңге, юань 68,39-72,42 теңге аралығында саудалануда.

Алматыда доллардың сатып алу бағамы 462,73 теңге, сату бағамы 464,90 теңге деңгейінде.
Қаладағы айырбастау пункттерінде еуро 537,55 теңгеден сатып алынып, 542,97 теңгеден сатылуда. Рубль 5,25-5,40 теңге, ал юань 68,55-70,87 теңге аралығында айырбасталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар