Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды

/
Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды
Құрылтайдың баспасөз қызметі

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары сайланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті;

Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті;

Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;

Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті;

Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;

Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитеті;

Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті;

Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айбек Дәдебай бірінші шақырылымдағы Құрылтай Спикері болып сайланған еді. Құрылтай Төрағасын сайлау процессі тікелей жасырын дауыс беру арқылы өтті. Бұдан кейін депутаттар Құрылтай Төрағасының орынбасарларын сайлады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары