Мемлекет басшысы Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды

/
Мемлекет басшысы Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды
Ақорда

Бүгін Ақордада өткен Құрылтайдың бірінші сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасының лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жоғарыда атап өттім, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірқатар рәсімді өткізуіміз керек. Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады. Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын. Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», – деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар