Жасампаздық пен еңбек қана мұратымызға жеткізеді – Қасым-Жомарт Тоқаев

/
Жасампаздық пен еңбек қана мұратымызға жеткізеді – Қасым-Жомарт Тоқаев
Ақорда

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан халқымыз тарихта талай сынаққа қасқайып қарсы тұрды. Бұл туралы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «Бүгінде еліміздегі қоғамдық өмірдің барлық саласы реформаланып, бірегей инновациялық стандарттар мен тәсілдер қолданылуда. Мемлекеттік институттар мен экономикада ғана емес, ең маңыздысы, азаматтық сана-сезім мен ұлт менталитетінде байыпты әрі ауқымды жаңғыру үрдісі жүріп жатыр.

Соғыстан, дағдарыстан және қырғи-қабақ қатынастан көз ашпаған қазіргі әлемде мұндай жүйелі қоғамдық трансформацияның өзін бірегей тәжірибе деп атауға болады. Бірде-бір аймақта мұндай үлгі етер мысал жоқ.

Қазақстан түбегейлі реформа жолына түсті, көзге айқын көрінетін өзгерістер жүріп жатқан елге айналды деп толық сеніммен айта аламыз.

Осы жаңғыру жолынан жаңылмай, қол жеткізген нәтижелерді орнықтыру үшін ұлтымыздың тарихи дамуындағы негізгі аспектілерге қатысты ұстанымымыз бен көзқарасымызды өзгерткен жөн.

Қоғамымыз аңыздарға емес, шынайылыққа арқа сүйеуі керек. Ескілікті аңсамай, алға қарай ұмтылып, ғылымды дамытуға ден қоюға тиіс. Аузымен орақ орғандар емес, істің адамы бағалануы қажет. Жалғандыққа жаны қас, шындыққа жақ халық болғанымыз жөн.

Бұл аса маңызды қағидаттар келешек ұрпақ идеологиясының өзегіне айналуға тиіс.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан халқымыз тарихта талай сынаққа қасқайып қарсы тұрды. Енді өзінің күш-қуатын даму көкжиегін кеңейтуге жұмылдырса деген тілек бар.

Жасампаздық пен еңбек қана мұратымызға жеткізеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар